Вашингтонда 12 тамызда бір-біріне қарсы екі топ - ақ нәсілділердің үстемдігін жақтайтындар (оңшылдар) мен олардың қарсыластары (солшылдар) жиналды. Полиция манифестанттар арасында қақтығыс болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын күшейтті. Екі акцияға қатысушылар бір-біріне параллель колонна болып жүрді. Олардың арасын полиция қызметкерлері бөліп тұрды.
Вашингтон мен Вирджиниядағы акциялар Вирджиния штатының Шарлотсвилл қаласындағы оңшылдар демонстрациясына бір жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
2017 жылы 12 тамызда Шарлотсвиллде ұлтшылдар акциясы өткен. Акцияға қала билігінің 1861-1865 жылдары АҚШ-тағы азамат соғысында конфедерация күштерін басқарған генерал Роберт Лидің ескерткішін сүру туралы шешімі себеп болған. Конфедерация күштері АҚШ-тағы құл иеленушілікті сақтап қалу үшін соғысқан. Әсіре оңшылдардың қарсыластары да қала орталығына жиналып, екі арада қақтығыс болған. Мұның салдарынан бір адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланған.
ПІКІРЛЕР