Accessibility links

Алматыда саудагерлер тағы да наразылық танытты


Алматыдағы Саяхат базарының саудагерлерінің базардың жабылуына наразылығы. 21 маусым 2018 жыл.
Алматыдағы Саяхат базарының саудагерлерінің базардың жабылуына наразылығы. 21 маусым 2018 жыл.

Алматыдағы бұрынғы "Саяхат" автовокзалының орнындағы базарда 13 тамыз күні ондаған сатушы базардың жабылуына тағы да қарсылық танытты. Саудагерлер сауда орнының жаңа қожайыны өздерінен орындарын 15 тамызға дейін босатуды талап етіп отырғанын, ал ресми билік базарды босату туралы алдын ала ескертпегенін айтады. Базар орнының бір жағында құрылыс жұмыстары басталған.

Базар орналасқан жердің қожайынымыз деген "Саяхат Инвест" компаниясының өкілі Ержігіт Сәрсенбиев Азаттыққа сауда орындары орналасқан жерге басқа нысан салынатынын айтады. Оның сөзінше, саудагерлерге базар жабылатыны туралы алдын ала ауызша және жазбаша түрде ескертілген. Өткен аптада Алматы қалалық әкімдігінің телеарнасы сүрілген "Саяхат" вокзалы орнына басқа нысан салынатынын хабарлаған.

Саудагерлер наразылығынан Азаттықтың тікелей эфирі

Сатушылар өздерін келер жылға дейін қалдыруды, саудаға деп несие алып қойғандарын айтады. Олардың сөзінше, өздеріне "Жетісу" базары, Түрксіб ауданындағы басқа базарданорын ұсынылған, бірақ ол жақта сауда аз жүреді.

Сатушылар маусымның 21-і күні де базардың жабылуынаа наразылық танытқан. Саудагерлер ол кезде базардағы орындарын жөндеуге және тауарға бнктерден несие алып қойғандарын, базар жабылса несиелерін төлей алмайтынын айтқан.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, билік 2009 жылы ескі автовокзал сүрілген соң ол жерді базар ашуға берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG