Accessibility links

Армения экс-президенті Роберт Кочарянді қамаудан босатты


Роберт Кочарян, Арменияның экс-президенті.
Роберт Кочарян, Арменияның экс-президенті.

Арменияның апелляциялық соты экс-президент Роберт Кочарянды қамаудан босатты. Сот Кочарян 2008 жылы Ереванда президент сайлауынан кейін болған тәртіпсіздік үшін қудаланбайды деген шешім шығарды.

Роберт Кочарянның адвокаты Рубен Сахарян 13 тамызда аппелляциялық сот конституцияның 140-бабына сүйеніп шешім шығарғанын хабарлады. Ол бапта Армения президенті өкілетті мерзімі кезінде және ол аяқталғаннан кейін қызмет бабына сай қабылдаған шешімі мен іс-әрекеті үшін жауапқа тартылмайтыны айтылған.

1998-2008 жылдары Армения президенті болған 63 жастағы Роберт Кочарян биыл 27 шілде күні 2008 жылы даулы президент сайлауынан соң оппозиция өткізген наразылық шеруін күшпен басып-жаншыды деген күдікпен қамауға алынған. Аталған демонстрацияны күшпен тарату кезінде полиция күш қолданып, 10 адам - сегіз демонстрант пен екі полицей қаза тапқан.

Кочарян өзіне тағылған "Арменияның конституциялық құрылымын күшпен құлатпақ болды" деген айыпты саяси астары бар деп терістеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG