1 қыркүйек - білім күні Қазақстандағы жалпы білім беру мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылында елдегі жеті мыңнан астам мектепте үш миллионнан аса шәкірт оқиды. Соның ішінде 340 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Олардың 223 мыңнан астамы қазақ сыныбында, 111 мыңы - орыс сыныбында білім алатын болады.
Қазақстан мектептерінде соңғы жылдары жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқуға көшу кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Бұған дейін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы жаңа оқу жылында 3, 6 және 8-сыныптарда жаңа білім беру мазмұны енгізілетінін мәлімдеген.
Министрдің айтуынша, республикалық бюджет есебінен салынатын 110 мектептің 72-і биылғы жылы пайдалануға беріледі. Сонымен бірге жергілікті бюджет есебінен 94 мектеп салынады деп жоспарланған.
ПІКІРЛЕР