Accessibility links

Абхазия премьер-министрі көлік апатынан қаза тапты


Геннадий Гагулия.
Геннадий Гагулия.

Өзін өзі жариялаған Абхазия республикасының премьер-министрі Геннадий Гагулия сенбі күні Псоу-Сухум жолында көлік апаты салдарынан қаза болды. Абхазия министрлер кабинеті сайтындағы ақпаратта жол апаты жергілікті уақытпен сағат 23:00 кезінде болғаны айтылған. Гагулияның қазаға ұшырағаны туралы хабарды министрлер кабинетінің баспасөз қызметі мен ақпарат басқармасының жетекшісі Диана Зантария журналистерге растаған.


Прокуратура мәліметі бойынша, Геннадий Гагулия отырған көлік ВАЗ маркалы автомобильмен соқтығысқан. ВАЗ көлігінің жүргізушісі ұсталған. Прокуратура оның үстінен есірткіге мас күйінде жол ережесін бұзып, адам өліміне себеп болған деген айыппен іс қозғаған.

Гагулия Абхазия үкіметінің жетекшісі қызметін алғаш рет 2002-2003 жылдары атқарған, 2018 жылы сәуірдің 25-і күні тағы да осы қызметке тағайындалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG