Accessibility links

Ақтауда Каспий маңы елдерінің театр фестивалі басталды


Түркіменстанның Кемине атындагы Мары мемлекеттік драма театрының Мангыстау обл театры залында
Түркіменстанның Кемине атындагы Мары мемлекеттік драма театрының Мангыстау обл театры залында

Ақтауда қыркүйектің 13-і Каспий маңы елдерінің театр фестивалі басталды. Оған Әзербайжан, Иран, Түркіменстан, Башқұртстан, Татарстан және Қазақстанның мемлекеттік театрлары қатысып жатыр. Фестивальде театрлар классикалық және ұлттық қойылымдарды сахналайды.

Биыл екінші рет өтіп жатқан бұл халықаралық фестиваль белгілі қазақ актері Нұрмұхан Жантөриннің туғанына 90 жыл толуына орай өткізіліп отыр. Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық театрының директоры Нұрнияз Мұқановтың айтуынша, кезекті фестивальді ұйымдастыру бастамасын халықаралық түркі мәдениеті ұйымы - Түріксой көтерген. Ол журналистермен кездесуде бұның "ешқандай жарыс емес, тек достық ниеттегі фестиваль" екенін айтты.

Халықаралық театрлар фестивалін Татарстанның Сабыр Амутбаев атындағы Мензелин мемлекеттік татар драма театры Г.Давидтің "Ібіліс" драмасымен ашылды. Бұдан бөлек, Иранның Билех Савар Барбод театры А.Садегидің "Алыстап кеттің сен менен" махаббат трагедиясын, Түркіменстанның Кемине атындағы Мары мемлекеттік театры Э.Акмурадовтың "Ескексіз қайықпен махаббат мұхитында» драмасын, Башқұртстанның Уфа мемлекеттік "Нұр" татар театры Р.Шиммельпфеннигтің "Өткеннен келген әйел" драмасын, Әзербайжан мемлекеттік ұлттық академиялық драма театры А.Мамедовтің "Иуда" драмасын сахнаға көрсетеді. Қазақстандық театар ұжымдары - Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Максим Горькийдің "Шыңырау" драмасын, Маңғыстау облыстық музыкалық драма тетары "Калигула" трагедиясын, Ақмола облыстық орыс драма тетары Шыңғыс Айтматовтың "Жан пида" шығармасын сахналамақ.

Каспий маңы елдерінің халықаралық фестивалі Ақтауда былтыр бірінші рет өткен. Биылғы театрлар фестиваль қыркүйектің 16-сына дейін болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG