Accessibility links

БАҚ: Сирия жағалауында Ресей әскери ұшағы жоғалып кетті


Сирияның Хмеймим әуе базасындағы Ресей әскери техникасы. 18 маусым, 2016 жыл. Көрнекі сурет.
Сирияның Хмеймим әуе базасындағы Ресей әскери техникасы. 18 маусым, 2016 жыл. Көрнекі сурет.

Жерорта теңізінің шығыс жағалауында бортында 14 адам бар ресейлік әскери барлаушы ұшағы жоғалып кетті. CNN телеарнасының хабарлауынша, ұшақты Сирияның әуе шабуылына қарсы әскери күштері атып түсірген болуы мүмкін.

Ресей қорғаныс министрлігіндегі есімін атамаған өкіліне сілтеме жасаған ТАСС жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Ил-20 ұшағы радардан көрінбей кеткен уақытта Сирияның Латакия провинциясына израильдік F-16 әскери ұшықтары ұшырылған.

Оның сөзінше, оқиға қыркүйектің 17-сі күні кешке, ұшақ Хмеймим әуебазасына қайтып келе жатқанда болған. Ресейлік әскерилер іздестіру операциясын бастаған.

Есімін атамаған америкалық шенеунікке сілтеме жасаған CNN ұшақты Сирияның әуе шабуылына қарсы жерден басқарылатын жүйе атып түсіруі мүмкін екенін хабарлайды. Шенеунік "бұл жағдай кездейсоқ болуы мүмкін" дейді.

Израиль әзірге оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG