Accessibility links

Қырғызстанда "Ыстықкөл-Антитеррор-2018" оқу-жаттығуы өтіп жатыр


Қырғызстандағы халықаралық әскери жаттығуға қатысушылар (Көрнекі сурет)
Қырғызстандағы халықаралық әскери жаттығуға қатысушылар (Көрнекі сурет)

Қырғызстанда халықаралық "Ыстықкөл-Антитеррор-2018" бірлескен оқу-жаттығулары басталды. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) хабарлады.

Комитет мәліметі бойынша, 25 қыркүйекте МҰҚК, Бас штаб және Ішкі істер министрлігінің арнайы бөлімдері "Ыстықкөл" әуежайын "жаруды көздеген терроршылар тобымен" күрес операциясына қатысты. Операция барысында республикалық жедел штаб жұмысын пысықтады. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері теракт зардаптарын болдырмауға күш салды.

ТМД елдерінің күштері қатысып жатқан халықаралық оқу-жаттығулар екі кезеңнен түрады. Бірінші кезеңде ТМД-ға мүше жеті елдің - Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның арнайы бөлімдері мен қауіпсіздік күштері террорлық актілерді болдырмау операцияларына қатысты.

26 қыркүйекте "Эдельвейс" (Қырғызстан) полигонында қорытынды кезең өтеді. Онда күш құрылымдары Қырғызстан шекарасынан өткен "террорлық топпен" күресті пысықтайды.

ТМЛ елдерінің бірлескен оқу-жаттығулары Қырғызстанда үшінші мәрте өтіп отыр.

Бұның алдында ТАСС агенттігі Ресей бірлескен жаттығуға "Искандер-М" жедел-тактикалық зымыран кешенін алғаш рет Қырғызстанға алып барғанын хабарлаған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG