Қырғызстанның Жогорку Кенеші Токон Мамыровты елдің омбудсмені етіп сайлады. Оның кандидатурасын 76 депутат қолдаған.
Омбудсмен қызметіне Токон Мамытовтан (Социал-демократиялық партиядан) бөлек, Канатбек Азиз ("Ата Мекен" партиясы), Рыскул Бактыбаев, Маматурайим Момунов және Рита Карасартова (үшеуі де - "Бир Бол" партиясынан) кандидат болған. Бірақ кейін Момунов кандидатурасын қайтып алған.
64 жастағы Токон Мамытов – генерал-лейтенант. 1992-2010 жылдары ұлттық қауіпсіздік қызметінде, күштік құрылымдарда, президент әкімшілігінде жұмыс істеген. Бұдан бөлек, Қырғызстан шекара қызметін, Ыстықкөл облысының әкімшілігін басқарып, вице-премьер болған. Қазір премьер-министрдің кеңесшісі.
Бұрынғы омбудсмен Кубат Оторбаев маусымның 26-сы күні өз еркімен қызметтен кеткен.
ПІКІРЛЕР