Accessibility links

Ақтөбеде "оқушыға қол жұмсаған" инспекторды жұмыстан шығарды


Ақтөбедегі мектептердің бірі (Көрнекі сурет).
Ақтөбедегі мектептердің бірі (Көрнекі сурет).

Ақтөбеде "жоғары сынып оқушысына қол жұмсаған" мектеп инспекторы жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Полицияның мәліметінше, департаменттің жеке қауіпсіздік қызметі тексеру жүргізіп, мектеп инспекторын 27 қыркүйектен бастап жұмыстан босату туралы шешім қабылдаған.

Оқушыға қол жұмсау дерегі 22 қыркүйек күні тіркелген. Ақтөбедегі №2 мектеп директоры Сәния Дәнешованың айтуынша, мектеп формасын сақтамаған ер баламен инспектор оңаша сөйлескен. Еккуінің арасында кикілжің туып, мектеп инспекторы оқушыға қол жұмсайды. "Сол бойда мектепке баланың ата-анасы шақырылып, тараптар өзара мәмілеге келген болатын" дейді директор Дәнешова. Кейін бұл жайт әлеуметтік желілерде жарияланып, көпшіліктің талқысына түскен.

22 жастағы инспектор қызметіне биыл 1 қыркүйек күні кіріскен. Елек полиция бөлімінің қызметкері жаңа жұмыс орнында небәрі 22 күн еңбек еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG