Ресей Сирияға С-300 зенит-зымыран кешендерін жеткізуді бастады. Бұл туралы 28 қыркүйекте БҰҰ-дағы баспасөз мәслихатында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.
Лавровтың айтуынша, С-300 зенит-зымыран кешендерінің алғашқы легі Сирияға жеткен. Бұл зымырандарды Сирияға апару туралы шешімді Ресей президенті Владимир Путин қабылдаған. Лавровтың сөзінше, C-300 Сириядағы Ресей әскерилерін қорғау үшін қажет.
Бұған дейін АҚШ пен Израиль Ресейдің Сирияға C-300 кешенін жіберуіне қарсы болған. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтон Ресей Сирияға С-300 зенит-зымыран кешендерін жеткізу арқылы елдегі жағдайды "одан ары шиеленістіретінін" мәлімдеген. Ол Мәскеудің бұл шешімін "қателік" деп атаған.
ПІКІРЛЕР