Жер сілкінісінен зардап шеккендер саны ұлғайып барады
Индонезия билігі Сулавеси аралында болған жер сілкінісі және цунамиден қаза болғандар саны 800-ден асқанын хабарлады. Бұл көрсеткіш ұлғаюы мүмкін екенін айтады. 1 қазанда ел билігі халықаралық қауымдастықтан жер сілкінісі мен цунами салдарын жоюға құтқарушылар көмегі мен гуманитарлық көмек сұрады.