Accessibility links

Германия күдікті Иран дипломатын Бельгияға экстрадициялайды


Иран туы (Көрнекі сурет).
Иран туы (Көрнекі сурет).

Германия соты Парижде Иран оппозициясының жиынында жарылыс жасамақ болды деген күдікпен ұсталған ирандық дипломатты Бельгияға экстрадициялауды мақұлдады.

Бавария аймағындағы Бамберг қаласының аймақтық жоғарғы соты 1 қазанда таратқан мәлімдемесінде Венада Иран елшілігінің қызметкері Ассадолла Ассадиді экстрадициялауды мақұлдағанын айтады.

"Күдікті дипломатиялық қол сұғылмау құқығын пайдалана алмайды. Себебі ол ұсталған кезінде өз елі мен өзі тұрып жатқан Австрия арасында сапарда болмаған, ол Австриядан сыртқары жерде бірнеше күн демалыста жүрген" деді сот.

Ассади шілдеде Германияның Ашаффенбург қаласында Франциядағы эмигранттар ұйымы - Иран ұлттық қарсыласу кеңесінің құрылтайында 30 маусымда жарылыс жасамақ болды деген күдікпен ұсталған. Құрылтайға АҚШ президенті Дональд Трамптың заңгері Руди Джулиани қатысқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG