Қазақстан президенті Нұрсұлтан шағын және орта бизнеске салық амнистиясын жариялауды ұсынды. Астанада халыққа арнаған жолдауын жариялаған Назарбаев үкіметке Қазақстанда кәсіпкерлер жұмысын басынан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнеске салық амнистиясын жүргізуді тапсырды.
Назарбаевтың сөзінше, бизнесті заңсыз әкімшілік қысым мен қылмыстық қудалаудан қорғау керек.
Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар елде экономикада көлеңкелі қаржы айналымының көлемін үш жылда кем дегенде 40 пайызға азайту шараларын жасауды жүктеді.
ПІКІРЛЕР