Accessibility links

Алматыда жартылай марафон кезінде жас жігіт қайтыс болды


Алматы көшесіндегі жедел жәрдем көлігі. (Көрнекі сурет.)
Алматы көшесіндегі жедел жәрдем көлігі. (Көрнекі сурет.)

Бүгін Алматыда алғаш рет ұйымдастырылған күзгі жартылай марафон жарысы кезінде оған қатысушы 18 жастағы астаналық жігіт қайтыс болды деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Таныстарының айтуынша, Санкт-Петербург кәсіподақтар гуманитарлық университетінің Алматыдағы филиалында оқитын 18 жастағы Максим Королевтің "күрес және әскери самбодан спорт шеберлігіне кандидат" атағы болған, ол қалалық спартакиадада жүгіруден жүлделі орын алған.

Куәгерлердің сөзінше, жексенбі күні Алматыдағы Абай көшесі бойымен жүгіріп бара жатқан жас жігіт мәреге бір кварталдай қалғанда өзін жайсыз сезінген. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келіп жеткеннен кейін үш минуттан соң ол қайтыс болған. Дәрігерлер жігіттің қазасының себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша белгілі болады деп хабарлаған.

Алматыдағы күзгі жартылай марафонды "Бірінші болуға батылдық" корпоративтік қоры ұйымдастырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG