Accessibility links

Клинтонның үйі мен Обаманың кеңсесіне белгісіз біреулер бомба жолдаған


Нью-Йорктегі Билл Клинтон мен Хиллари Клинтонның үйі.
Нью-Йорктегі Билл Клинтон мен Хиллари Клинтонның үйі.

Нью-Йорктегі Билл Клинтон мен Хиллари Клинтонның үйіне белгісіз біреулер жарылғыш зат жолдаған. Оны поштаны қарайтын жұмысшы тапқан деп хабарлайды New York Times басылымы.

Бомба салынған қорап АҚШ-тың бұрынғы президенттері Билл Клинтонның үйіне және Барак Обаманың кеңсесіне, CNN телеарнасына және миллиардер Джордж Соросқа жіберілген. Тергеушілер жіберуші бір адам болуы мүмкін деп топшылайды. Дәл осындай қорап бұрынғы бас прокурор Эрик Холдерге, конгрессмен Дэбби Вассерман Шульцтің Флоридадағы кеңсесіне жолданған. Бұл жөнінде Нью-Йорк полициясы хабарлады. Полицияның мәліметінше, қораптардың ішінде қолдан жасалған жарылғыш зат болған.

Бұл оқиғаларға қатысты АҚШ президенті Дональд Трамп елде саяси зорлық-зомбылық жоқ деп мәлімдеді. Дональд Трамп елде ірі федералдық тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио оқиғаларды теракт деп атады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG