Тәжікстанның Худжанд қаласындағы түрмеде шыққан бүліктен 22 адамның қаза тапқаны хабарланды. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік қызметіне сенімді дереккөз айтқан.
Азаттықтың Тәжік қызметі дереккөзінің хабарлауынша, бүліктен бірнеше тұтқын мен күзетші жарақаттанған. Жергілікті билік екі күзетшінің мерт болғанын растаған. Қаза тапқан күзетшінің бірі Соғды облысы Матчинский ауданындағы ауылға жерленген. Марқұмның жерлеуіне келген түрме басшыларының бірі "ауыр жазамен сотталғандар түрмеден қашпақ болып бүлік шығарған" деген. Ресми билік қатаң режимдегі түрмеде бүліктің неден шыққанына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Қарашаның 7-сінен 8-іне қараған түні Тәжікстанның Худжанд қаласындағы түрмеде бүлік болған. Жергілікті тұрғындар Азаттықтың Тәжік қызметіне түрме жақтан мылтық дауысы естілгенін айтқан. Кейбір басылымдар "13 адамның мерт болғанын" жазған.
ПІКІРЛЕР