Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ-та екі қазақстандықтың киберқылмысқа қатысты бар деген күдікпен ұсталғанын растады.
"Ақпаратты растаймыз. Олар – біздің азаматтарымыз. Бірі – Эстонияда, бірі Малайзияда ұсталды", - деді Астана өткен брифингіде Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Смадияров іске қатысты өзге ақпарат айтқан жоқ. Тек АҚШ-тың ұсталғандарды экстрадициялау туралы сұранысты ендігі жіберіп қойғанын хабарлады.
28 қарашада Нью-Йорк штатының прокуратурасы цирфлық жарнама саласында алаяқтық жасады деп Ресейдің – алты, Қазақстанның екі азаматы күдікке ілінгенін хабарлаған.
Прокуратура дерегінше, қазақстандықтар – Сергей Овсянников пен Евгений Тимченко және ресейлік Александр Жуков алғашқысы Малайзияда, кейінгілері Эстония мен Болгарияда ұсталған.
Іс құжаттары бойынша, айып тағылған азаматтар "алаяқ интернет-жарнамамен айналысатын" зақымдалған компьютерлер желісін жасау үшін интернет-домендер мен ондаған серверді пайдаланған.
ПІКІРЛЕР