Accessibility links

Сот Армения экс-президентін тұтқындауға қаулы етті


Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян.
Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян.

Арменияның апелляциялық соты елдің бұрынғы президенті Роберт Кочарянды тұтқындау туралы шешімді күшінде қалдырды деп хабарлайды Азаттықтың Армян қызметі. Конституция бойынша жеке басына қол сұғылмайтындығына кепілдік берілсе де, сот экс-президентті тұтқындауды ұйғарған.

Роберт Кочарянға бір топ адам ұйымдастырған конституциялық құрылысты төңкеруге қатысты деген айып тағылған. 2008 жылы наурызда Арменияда билік азаматтардың наразылық шеруін күшпен басып, кемінде 8 адам қаза тапқан болатын.

Содан екі апта бұрын өткен президент сайлауында заңды бұрмалаушылық болғанын мәлімдеп, наразылық шеруіне шыққандарды әскерилер мен полиция күшпен таратқан. Екі мерзім президент болып сайланған Кочарян ол сайлауға өзі түсе алмаған, ол қолдау білдірген кандидат Серж Саргсян, сайлаушылар дауысы сатып алынғаны және бюллетеньдерді топтап тастағаны туралы шағымдарға қарамастан, президенттік сайлаудың жеңімпазы деп танылған.


Шілденің 27-і күні Ереван соты Роберт Кочарянды екі айға қамауға үкім еткен. Тамыздың 13-і күні апелляциялық сот алғашқы инстанциядағы сот шешімінің күшін жойып, Конституцияның экс-президенттің жеке басына қол сұғылмайтындығына кепілдік беретін бабына сүйеніп Кочарянды қамаудан босатқан.

2008 жылы наразылық шерулері кезінде тұтқындалған, кейін жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған деген айыппен жеті жылға сотталып, 2011 жылы амнистиямен босап шыққан Никол Пашинян қазір Армения премьер-министрі қызметін атқарып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG