Accessibility links

Си Цзиньпин: “Қытай үстемдік етуге ұмтылмайды”


Қытайдағы реформалар мен ашықтық саясатының 40 жылдығын атап өту шарасында отырған Қытай басшысы Си Цзиньпин. 18 желтоқсан 2018 жыл
Қытайдағы реформалар мен ашықтық саясатының 40 жылдығын атап өту шарасында отырған Қытай басшысы Си Цзиньпин. 18 желтоқсан 2018 жыл

Қытай президенті Си Цзиньпин мемлекет әлемдегі ең ықпалды елдер қатарына кірсе де “үстемдік етуге ұмтылмайды” деп мәлімдеді. Сейсенбі күні Қытайдағы реформалар мен ашықтық саясатының 40 жылдығын атап өту шарасы кезінде Қытай басшысы осылай деді.

Ол елдің бұрынғы басшысы Дэн Сяопиннің нарық реформасы мәдени революциядан кейінгі ел экономикасының құлдырауынан сақтап қалғанын да айтты. Цзиньпин көпжақты сауда жүйесін дамытуды қолдайтынын айтқанмен АҚШ-пен арадағы “сауда соғысы” тақырыбын айналып өткен.

АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жағында) және Қытай басшысы Си Цзиньпин
АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жағында) және Қытай басшысы Си Цзиньпин

2 желтоқсанда Буэнос-Айрестегі кездесуде АҚШ пен Қытай басшылары жаңа жылдан бастап екі ел арасындағы тауар импортына баж салығын енгізбеу туралы келіскен. BBC жазуынша, тарифтерді қымбаттатуға қатысты мораторий 90 күнге созылады.

Қыркүйек айында екі ел өзара импорттайтын тауарларға жаңа баж салығын енгізген. Екі ел арасындағы "сауда соғысынан" көрші елдер көбірек зардап шеккен.

Оқи отырыңыз: Адам құқығына қатысты жиі сыналатын Қытай есебін жариялады

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG