Қарағанды облыстық прокуратурасы Қарағандыдағы "Древний Рим" мейрамханасында болған жанжалға қатысты "кісі өлімі" және "бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалып, үш күдікті ұсталғанын хабарлады.
Прокуратура мәліметінше, 1 қаңтарға қараған түні мейрамханада "ішімдік ішіп, масайған" клиенттер арасында кикілжің болып, төрт ер адам пышақталған. Олардың бірі жан тапсырған. Бұған қатысты төрт күдікті анықталып, олардың үшеуі ұсталған, біреуіне іздеу жарияланған.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл қылмысқа күдікті ретінде Торгом Малхасян Торгом Манвелович, Сохак Малхасян Самвелович және Надырбеков Каир Хамитович ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Күдікті Нарек Гурурянға іздеу жарияланды.
Прокуратура кейбір адамдардың әлеуметтік желіде "қоғамдық пікірге ықпал ету мақсатында" бұл оқиғаның ұлтаралық негізде шыққаны туралы "көпе-көрінеу жалған ақпарат таратып жатқанын айтады. Прокуратура осыған байланысты азаматтарды жалған ақпарат таратып, ұлтаралық араздық тудырғандардың заңмен қудаланатынын ескертеді.
ПІКІРЛЕР