Accessibility links

БҰҰ Сауд Арабиясынан қашқан қызға босқын мәртебесін берді


Сауд Арабиясының азаматы Рахаф Мохаммед әл-Кунун (сол жақтан екінші) Бангкок әуежайында Таиланд иммиграция қызметінің басшыларымен кездесіп тұр. 7 қаңтар 2019 жыл.
Сауд Арабиясының азаматы Рахаф Мохаммед әл-Кунун (сол жақтан екінші) Бангкок әуежайында Таиланд иммиграция қызметінің басшыларымен кездесіп тұр. 7 қаңтар 2019 жыл.

БҰҰ Сауд Арабиясының 18 жастағы азаматы Рахаф Мохаммед әл-Кунунға босқын мәртебесін берді. Бұл туралы Австралия ішкі істер министрлігі хабарлады. Әл-Кунун босқын мәртебесін беруді осы ел билігінен сұраған.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі Австралия билігінен Рахаф Мохаммед әл-Кунунға көмектесуді өтінген. Австралия үкіметі қыздың өтінішін ел заңдарына сай қарауға уәде берді.

Рахаф Мохаммед әл-Кунун австралиялық визасы болғанын, өз отбасынан осы елге қашқысы келгенін мәлімдеген.

Қазір Таиландта әл-Кунунның әкесі мен бауыры жүр, бірақ ол туыстарымен кездесуден бас тартқан.

Әл-Кунун 6 қаңтарда Кувейтте отбасымен бірге демалып жүргенде Таиландқа қашып кеткен. Бірақ ол Бангкок әуежайына жеткен кезде төлқұжатын Сауд Арабиясы елшілігінің өкілі алдап алып қойғанын айтады. Одан кейін қыз Бангкок әуежайындағы қонақ үй бөлмесінен шықпай қойды. Бір тәуліктен соң Таиланд билігі Рахафты еліне немесе Кувейтке қайтармайтынын мәлімдеді. Оны қонақ үйден БҰҰ өкілдері алып кетті.

BBC телеарнасына сұхбат берген қыз исламнан бас тартқанын, бұл ісі үшін Сауд Арабиясында оны өлім жазасына кесетінін мәлімдеген.

Сауд Арабиясының билігі соңғы жылдары әйелдерге қатысты кей шектеулерді жоя бастағанымен, бұл елде әйелдер құқығы әлі де қатты шектеледі.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG