Accessibility links

Бішкекте бір топ журналист қарсылық акциясын өткізді


Бішкекте журналистер "милиция бассыздығына" қарсы акция өткізіп тұр. 18 қаңтар 2019 жыл.
Бішкекте журналистер "милиция бассыздығына" қарсы акция өткізіп тұр. 18 қаңтар 2019 жыл.

Бішкекте 18 қаңтарда "Супер инфо" газеті мен Next TV телеарнасының журналистері ішкі істер басқармасының алдында наразылық акциясын өткізді.

Акцияға қатысқандар қолдарына "милицияның бассыздығына" қарсы екендері, "кәсіби міндетін атқарып жүрген журналисті ұстауға болмайтыны" туралы жазылған плакаттар ұстап шықты.

17 қаңтарда Бішкектің орталық "Ала-Тоо" алаңында белсенділер Қытайдан келген мигранттарды шектеуді талап етіп акция өткізген. Оларды таратуға барған милиция қызметкерлері ұстап әкеткен 21 адамның арасында акциядан хабар таратып жүрген Next TV телеарнасының журналисі Жоодар Бузумов та болған.

Ішкі істер министрлігі милиция оның журналист екенін кейін білгенін, басқармаға апарған соң босатқанын хабарлаған.

Милиция акцияда "араздық тудыратын сөз айтқаны", "митингінің белгіленген уақыттан асып кеткені үшін" кейбір белсенділерді ұстағанын айтады. Ұсталған белсенділерге "қоғамдық тәртіпті бұзғаны" үшін айыппұл салған.

Халықаралық ережеге сай, митинг, акциялардан немесе оқыс оқиғалардан хабар таратқан кезде журналист "Пресса" деген жазуы бар арнайы кеудеше киіп жүруі тиіс. Қырғызстанда бұл талап көп жағдайда орындалмайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG