Accessibility links

АҚШ-тың кейбір штаттарын қатты аяз қыса бастады


Мичиган көлінің жағалауы. Чикаго, Иллинойс штаты, 29 қаңтар, 2019 жыл
Мичиган көлінің жағалауы. Чикаго, Иллинойс штаты, 29 қаңтар, 2019 жыл

АҚШ-та метеорологтар елде қатты аяз қысатынын ескертті. Елдің кейбір аудандарында ауа райы -30 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қазірдің өзінде алты адамның қатты суықтан үсіп, қайтыс болғаны хабарланды.

Күн райының күрт суытуына Солтүстік полюстен келген салқын ауа себеп болған.

Арктикалық суық өтетін штаттарда 55 миллион адам тұрады. Тұрғындардың көбінің үйі мұндай суыққа шыдас бермейді. Синоптиктер сыртта 10 минут тұрған адамды үсік шалуы мүмкін деп ескертіп жатыр.

Елдің Висконсин, Мичиган, Иллинойс, Алабама және Миссисипи штаттарында төтенше жағдай енгізілді. Бұл штаттарда қалың қар түсуі мүмкін.

АҚШ бойынша мыңнан астам ішкі әуе рейстері уақытша тоқтатылды. Кейбір қалаларда үйсіз адамдарды уақытша паналататын арнайы орындар ашылды.

Метеорологтар күн райының бірден суып кетуін Солтүстік полюстің жылынуымен түсіндіреді. Бұл жылы ауа Мароккодан келген. Осының салдарынан суық ауа оңтүстікке ауысқан. Ғалымдардың пікірінше, ғаламдық жылынудың салдарынан қыс қатты болуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG