Амстердам әуежайында «Новая газета» тілшісі Елена Милашина мен «Мемориал» орталығының құқық қорғаушысы Милана Бахаеваны полиция ұстады. Бұл туралы басылым сайттында хабарланды.
Милашина мен Бахаева Амстердамда сириялық босқындардың мәселесін зерттеумен айналысып жүрген құқық қорғаушылармен кездеспек болған.
Ақпаратқа қарағанда, ресейліктерді ұстаған полицейлер өздерін таныстырмаған. Милашина мен Бахаеваға әзірге нақты айып тағылмаған. Қазір олар әуежай ғимаратындағы полиция бөлімшесінде. Милашинаның телефонын тартып алған.
«Новая газета» редакциясы мән-жайды анықтау үшін Ресейдегі Нидерланд елшілігімен хабарласып жатыр.
ПІКІРЛЕР