Accessibility links

Ауғанстанда президент сайлауы қыркүйекке шегерілді


Сайлау учаскесінің қасында кезекте тұрған адамдар. Кундуз уәлаяты, Ауғанстан, 20 қазан 2018 жыл.
Сайлау учаскесінің қасында кезекте тұрған адамдар. Кундуз уәлаяты, Ауғанстан, 20 қазан 2018 жыл.

Ауғанстанда президент сайлауы тағы да кейінге шегерілді. Бұл туралы елдегі тәуелсіз сайлау комиссиясы хабарлады. Алғашында 2019 жылы сәуірде өтеді деп жоспарланған сайлау шілде айына жылжыған еді.

Тәуелсіз сайлау комиссияның мәлімдеуінше, Ауғанстан парламент сайлауындағы мәселелерді шешіп, президент сайлауына дайындалу үшін уақыт керек.

2018 жылы қазанда болған парламент сайлаудан кейін елдегі сайлау комиссиясы тараған еді. Бұл сайлау елде шиеленіспен өтіп, 200-ден астам шабуыл жасалған.

Президенттікке кандидаттарды тіркеу 22 желтоқсанда ашылған. 2 қаңтарда аяқталуы тиіс. Сайлау комиссиясының төрағасы Заби Садаттың айтуынша, тіркеліп жатқан кандидаттардың саны аз.

Сайлау комиссиясы 2018 жылы қазанда өткен парламент сайлауыныңдауыстарын әлі санап біткен жоқ. Сайлау кезінде "Талибан" шабуылы жиілеген. Қазір Ауғанстан билігі "Талибан" қозғалысымен келісімге келуге тырысып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG