Accessibility links

Венесуэлада Хуан Гуайдоның көмекшісі ұсталды


Хуан Гуайдо, Каракас,29 қаңтар, 2019 жыл.
Хуан Гуайдо, Каракас,29 қаңтар, 2019 жыл.

Венесуэлада оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдоның негізгі көмекшілерінің бірі Роберто Марреро ұсталды. Ұстар алдында елдің ұлттық барлау қызметі Маррероның үйінде тінту жүргізген.

Хуан Гуайдо бұл жайтқа орай "күш құрылымдары мені ұстауға сескенеді, сондықтан серіктестеріме шабуыл жасап жатыр" деп мәлімдеді.

Вашингтон Роберто Маррероны босатуды талап етті. АҚШ президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Гуайдо серіктесінің ұсталуын "қателік" деді.

Жыл басында Хуан Гуайдо өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялады. Оны АҚШ пен Еуропа Одағының көптеген елдері мойындаған. Қазіргі президент Николас Мадуроны Ресей, Қытай, Түркия мен Куба қолдап отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG