Accessibility links

Лондонда мыңдаған азамат қайта референдум өткізуді талап етті


Лондондағы шеру. 23 наурыз 2019 жыл.
Лондондағы шеру. 23 наурыз 2019 жыл.

Лондонда мыңдаған азамат Ұлыбританияның Еуропа одағынан шығуы жөнінде қайта референдум өткізуді талап етіп, шеруге шықты. Сенбі күні таңертең "Брекзиттің" күшін жою туралы парламентке бағытталған петицияда шамамен төрт миллион азаматтың қолы тұрды.

Акцияға қатысушылар арасында Лондон мэрі де болған. Ол Twitter желісінде марштан видео жариялаған.

Бұған дейін Еуропа одағы жетекшілері екі сценарий бойынша Брекзитті кейінге шегеруге келіскен. Ұзаққа созылған келіссөзден кейін Еуропа одағы жетекшілері егер келесі аптада Ұлыбритания парламенті бұған дейін қабылданбаған келісім жобасын мақұлдаса, онда Брекзит 22 мамырға дейін шегеріледі деп шешім қабылдаған. Ал егер қауымдар палатасы үшінші рет келісімді мақұлдамаса, онда Ұлыбритания билігі 12 сәуірге дейін әрі қарайғы жоспарын нақтылап, айтуы тиіс.

Тереза Мэй Еуропа одағындағы әріптестерін Брекзиттің мерзімін 30 маусымға шегеру туралы сұраған, бірақ Еуропарламенттегі сайлауға байланысты оның бұл өтініші қабылданбаған. Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы әуелі 29 наурызға белгіленген еді. Бірақ қауымдар палатасы елдің Еуроодақтан шығуына байланысты Лондон мен Брюссель арасындағы келісімді екі рет мақұлдамай қойған. Еуроодақтан келісімсіз шығу мүмкіндігін де британ парламенті қабылдамай тастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG