Accessibility links

Израильдегі сайлау: экзит-полда ешкім басым түспеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Израиль телеарналары жариялаған экзит-полға қарағанда, 9 сәуірде өткен кнессет (парламент) сайлауында премьер-министр Биньямин Нетаньяху жетекшілік ететін биліктегі "Ликуд" партиясы мен бас штабтың бұрынғы басшысы Бени Ганцтың "Кахоль-Лаван" партиялық блогы арасындағы тартыс күшті.

12-арнаның экзит-полы бойынша, Ганцтың центристік блогы Нетаньяхудың партиясына қарағанда парламентте (37:33) көбірек орын алған. 13-арна - қарсыластар "орынды тең бөлісті", 11-арна экзит-полы "Кахоль-Лаван" блогы бір орын артық алды" деп көрсеткен.

Нетаньяху да, "Кахоль-Лавандағы" центристер де өздерінің сайлауда жеңгенін мәлімдеді. Бірақ жеңген партия кнессетте басымдық алады деген сөз емес. Парламентке басқа партиялардың өкілдері де дауыс санына қарай кіреді.

Кнессеттегі 120 орынға 14 партияға таласып жатыр.

Израильде сайлау учаскелері ендігі жабылған, қазір дауыстар саналып жатыр.

Нетаньяху Израиль үкімет 2009 жылдан бері басқарады. "Жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін" деген айыптар айтылғанына қарамастан премьерді жақтайтындар көп. Нетаньяхуды АҚШ президенті Дональд Трамп қолдайды. Вашингтон таяуда АҚШ елшілігін Иерусалимге көшіріп, Голан жоталарын Израиль аумағы деп тануы Израиль билігін қолдау ретінде бағаланған.

"Кахоль-Лаван" – Израиль армиясы бас штабының бұрынғы бастығы Бени Ганц пен бұрынғы қаржы министрі, журналист, драматург Яир Лапид екеуі басқаратын саяси блог. Бұл блог сайлау қарсаңында жемқорлықпен күресетінін баса көрсеткен.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG