Accessibility links

"Талибан" ДСҰ мен Кызыл крест комитетіне тыйым салды


Ауғанстан аумағында тұрған Қызыл крест ұйымының көлігі.
Ауғанстан аумағында тұрған Қызыл крест ұйымының көлігі.

11 сәуірде “Талибан” Ауғанстанда өзі бақылайтын аймақтарда халықаралық Қызыл крест комитеті мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұмысына тыйым салды.

Тәліптер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын “екпе салған кезде күдікті әрекеттерге барды” деп айыптады. “Талибан” ұйымның “күдікті әрекеттерін” нақты атаған жоқ.

Тәліптер басқа гуманитарлық топтар жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Джин Ни AFP ақпарат агенттігіне “Талибанның шешімін білетінін және бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатқанын” мәлімдеді.

Қызыл Крест комитеті Ауғанстанда уақытша жұмысын тоқтатқанын, “Талибанмен” келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.

Тәліптер қазір Ауғанстан аумағының жартысын бақылауда ұстап отыр. “Талибан” өзі бақылап отырған аймақтарда жеке билік құрылымдарын жасақтаған. Тәліптер мен үкімет әскері арасындағы қақтығыс әлі жалғасып жатыр. “Талибан” ел аумағында әскерилер мен бейбіт тұрғындарға қарсы бірнеше рет теракт ұйымдастырған.

Әлем елдерінің басым бөлігі “Талибанды” террорлық ұйым деп таныған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG