Accessibility links

Атамбаев "партия төрағалығынан алып тастаған" министрлік үстінен шағым түсірді


Алмазбек Атамбаев.
Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) 18 сәуірде елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың бас прокуратураға жазған мәлімдемесін жариялады.

Мәлімдемеде автор әділет министрлігі қызметкерлерінің "заңсыз әрекетіне шағымданып", ҚСДП партиясынан "заңсыз шығарылған мүшелерін партия қатарына қайта қосуды" талап еткен. Бұған қоса, заңға қайшы әрекет еткен министрлік өкілдерін жазалауды сұраған.

Бұған дейін Қырғызстанның әділет министрлігі заңды тұлғалар реестріне өзгеріс енгізіп, ҚСДП партиясының төрағасы ретінде Сағынбек Абдрахмановты көрсеткен. Абдрахманов партиядан бөлініп кеткен "Атамбаевсыз ҚСДП" қозғалысына жетекшілік еткен. 3 сәуір күнгі партия съезінде ол партияны қайта тіркеуден өткізетінін мәлімдеген еді.

Әділет министрлігінің әрекетін заңды деп атаған Сағынбек Абдрахманов 18 сәуірде Атамбаевтан партияның жарғысы, мөрі және өзге де мүлкін тапсыруды талап еткен.

Қырғызстан парламентінде саяси көпшілік болып отырған Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы бір жылға созылған ырың-жырыңнан соң көктемде екіге ажырап тынған. Бірінің басында - қазіргі президент Сооронбай Жээнбеков, екіншісінің басында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев тұр.

Оқи отырыңыз: Билік партиясы екіге жарылды. Соңы не болмақ?

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG