Ресей Bloomberg агенттігі жасаған "Экономикалық бақыт" рейтингінде "экономикасы нашар" жиырма елдің қатарына кірді.
Бұл тізімге 62 мемлекет қамтылған. Экономикасы "ең нашар" елдер рейтингінде Ресей 17 орында тұр. Зерттеушілер мұны бағаның өсуімен және жұмыссыздықпен байланыстырады.
Экономикасы мүшкіл елдер рейтингін Венесуэла бастап тұр. Тізімді Аргентина, Оңтүстік Африка, Түркия, Грекия мен Украина жалғастырады. Bloomberg рейтингіне Қазақстан енбеген.
Экономикалық деңгейі жоғары ел ретінде Тайланд аталған. Таиланд былтыр да осы тізімнің басында тұрған. Агенттіктің жазуынша, Тайландта ресми деректерде жұмыссыздық деңгейі тым төмен көрсетілген. Bloomberg бұл шындыққа сай келмеуі мүмкін дейді.
Екінші орында — Швейцария, үшінші орында Жапония мен Сингапур тұр.
ПІКІРЛЕР