Accessibility links

Францияның экс-премьері "мемлекет қаржысын ысырап етті" деп айыпталды


Франсуа Фийон.
Франсуа Фийон.

Францияда елдің бұрынғы премьер-министрі Франсуа Фийон мен әйелінің үстінен мемлекет қаржысын ысырап кету бабымен қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Le Monde басылымы хабарлады.

Фийон 2017 жылы Франциядағы президент сайлауына оңшылдар атынан кандидат ретінде қатысқанда күдікке ілінген. Тергеу оны әйелі мен балаларын парламентте жұмыс істейтіндей етіп жалған құжат жасатқан деп айыптаған. Қылмыстық іс президент сайлауының бірінші туры өтерден бұрын қозғалды.

AFP ақпарат агенттігінің жазуынша, сот процесі басталуы үшін қажет қаулыға сот тергеушісі өткен жұмада қол қойған. Николя Саркози президенттігі кезінде үкімет басшысы болған Фийонның мемлекет қаржысын ысырап еткені дәлелденсе, экс-премьер 10 жылға түрмеге кесілуі не 1 миллион еуро айыппұл төлеуі мүмкін.

Халықаралық француз радиосының хабарлауынша, Франсуа Фийонмен бірге сотқа оның әйелі Пенелопа да тартылады. Ол ысырап етуге қатысы бар деп айыпталған. Бұл іс бойынша айыпталған үшінші адам – Фийон 2007-2012 жылдары үкіметті басқарғанда экс-премьердің депутаттық мандатына ие болған Марк Жуло.

Басылымдар жазуынша, Пенелопа Фийон Франция парламенті мен Revue des deux mondes басылымынан 900 мың еуро (1 млн доллардан асады – ред.) алған. Жергілікті БАҚ "2005-2007 жылдары Фийон сенатор болып тұрғанда ұлы мен қызы Франция сенатында оның көмекшісі болып істеген" деп жазады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG