Accessibility links

Қытай Интерполдың бұрынғы басшысын қамауға алды


Мэн Хунвей (мұрағат).
Мэн Хунвей (мұрағат).

Қытай жоғарғы прокуратурасы Интерполдың бұрынғы басшысы Мэн Хунвейді қамауға алу туралы шешім қабылдаған. Оған пара алу айыбы тағылды. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады. Іс сотқа жіберілген.

Хунвэй бұрын Францияда тұрған. Ол былтыр Қытайға сапарлағанда ұшақтан түсе сала ұсталған. Хунвейдің әйелі күйеуі ұсталар алдында қоқан-лоққы үйірген қысқаша хабарлама алғанын айтқан.

Мұнан соң Париж бұл іс бойынша тергеу бастағанымен, Хунвэйдің ықтимал қылмысты Францияда жасалған болуы мүмкін дегенге ешбір айғақ таппаған. Артынша Интерпол Хунвэйден ұйым басшысы қызметінен шұғыл отставкаға кететіні туралы хабарлама алғанын мәлімдеді.

Мэн Хунвэй Интерполды 2016 жылы басқарған. Ол - бұл қызметті атқарған бірінші Қытай азаматы. Қазір ұйымға оңтүстіккореялық Ким Чон Ян жетекшілік етеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG