Accessibility links

БАҚ: АҚШ билігі Ассанжға жаңа айып тақпайды


Джулиан Ассанж. Лондон, 1 мамыр 2019 жыл.
Джулиан Ассанж. Лондон, 1 мамыр 2019 жыл.

АҚШ әділет министрлігі Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) хакерлік құралдары жайлы құпия құжаттарды жариялған, WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанжға жаңадан айып тақпайтын тәрізді. Бұл туралы өз дереккөзіне сілтеме жасаған Politico басылымы хабарлап отыр.

АҚШ билігінің жаңа айыптан бас тартуының бір себебі – Орталық барлау басқармасы материалдарының аса құпия екендігіне байланысты болуы мүмкін.

Тағы бір себеп - істің заңдылығына қатысты. Экстрадиция туралы заңда "жаңа айыптаулар алғашқы айыптау актісі шыққан күннен кейін алпыс күннің ішінде тағылуы керек" деп көрсетілген. Ассанжға алғашқы айып биыл наурыз айында тағылып, шешім шыққан.

Джулиан Ассанж АҚШ пен Швеция сотынан қашып, Лондондағы Эквадор елшілігінде 2012 жылдың маусымынан 2019 жылдың сәуіріне дейін жасырынып келді. Биыл сәуірде Эквадор Ассанжды дипломатиялық баспанадан айырғаннан кейін британ полициясы оны қамауға алған. Мамыр айында Лондон соты Ассанжды "кепілге босау туралы шартты бұзғаны" үшін 50 апта қамауға үкім етті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG