Отбасымен далада қалған кейуана
Қызылорда тұрғыны 84 жастағы Меруерт Жәлімбетова ұлы мен келіні және үш немересімен бірге далада түнеуге мәжбүр. Соғыс ардагеріне теңестірілген кейуана биыл қыста сатып алған пәтерінің тағы бір иесі барын білмеген. Баспананы сатқан адам «алаяқтық» бабымен сотталып кеткен, ал үйдің заңды иесі оны босатуды талап еткен. «Үйімнің ауласынан кетпеймін» деген әже әкімдіктен баспана мәселесін шешіп беруді сұрайды.
ПІКІРЛЕР