Accessibility links

Грузия билігі шерушілердің бірі көз жұмды деген ақпаратты жоққа шығарды


Тбилисидегі наразылық. 21 маусым 2019 жыл.
Тбилисидегі наразылық. 21 маусым 2019 жыл.

22 маусымда Грузия астанасы Тбилиси орталығына алдыңғы күндермен салыстырғанда азырақ адам жиналды.

Грузияның денсаулық сақтау министрлігі 20 маусымда полициямен қақтығыс кезінде жараланған шерушілердің бірі қаза тапты деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін грузин тілінде ақпарат тарататын Agenda.ge сайты, Euronews-тің орыс редакциясы және бірқатар ақпарат құралдары қақтығыс кезінде көзінен жарақат алған шеруге шыққан азаматтардың бірі ауруханада көз жұмды деп хабарлаған еді.

Төтенше жағдай кезінде азаматтарға көмек көрсету бойынша ведомство басшысы Автандил Талаквадзе да бұл ақпаратты жоққа шығарып, ауруханада қазіргі кезде 54 азаматтың ем алып жатқанын, екеуі реанимация бөлімшесінде екенін айтқан.

Бұған дейін Тбилисидегі полиция мен наразылар арасындағы қақтығыс кезінде 290 адамның зардап шеккені хабарланған еді. Олардың 80-і - полицей.

Қарай отырыңыз: Грузиядағы наразылық (20 маусым 2019 жыл).

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG