Accessibility links

Грекиядағы парламент сайлауында билік партиясы жеңілді


Кириакос Мицотакис (ортада).
Кириакос Мицотакис (ортада).

Грекиядағы парламент сайлауында Кириакос Мицотакис бастаған оңшыл центристік "Жаңа демократия" партиясы жеңіске жетті. Оған сайлаушылардың 40 пайызы дауыс берген. Бұл партия бас қарсыласы - премьер-министр Алексис Ципрас жетекшілік ететін солшыл радикалдар коалициясынан (Сираза) 8 пайызға көп дауыс жинады.

Алдын ала нәтиже дауыстың 94 пайызын санаған соң жарияланып отыр. Сайлаудың ресми қорытындысы әлі шыққан жоқ. Алайда Ципрас қарсыласы Мицотакисті жеңісімен құттықтап қойды. Ал "Жаңа демократия" партиясының жетекшісі Грекияда салықты азайтуға, инвестиция тартып, экономиканы күшейтуге уәде етті.

"Жаңа демократия" парламенттегі мандаттың басым бөлігін иеленеді. Болжам бойынша, 300 орынның 158-і оңшыл центристерге тиеді. Бұл Мицотакиске үкіметті өз бетінше құруға мүмкіндік береді.

Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, бұл жолы парламентке расистік және ксенофобиялық мәлімдемелер жасап жүрген "Алтын таң" ұлтшылардар партиясы кіре алмаған. Бірақ бұрынғы журналист Кириакос Велопулос жетекшілік ететін әсіре оңшыл "Грек шешімі" үш пайыздық межеден асқан. Олар парламенттегі он мандатты алмақ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG