Accessibility links

Беларусь Ресейге қарызын қайтару үшін Қытайдан несие алмақ


Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Қытай басшысы Си Цзиньпин.
Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Қытай басшысы Си Цзиньпин.

Беларусь Ресейге қарызын қайтару үшін Қытайдан 600 миллион доллар несие алу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Беларусь қаржы министрлінің орынбасары Андрей Белковец мәлімдеді. Белковецтің сөзінше, келіссөз аяқталуға жақын қалған.

«Басында Ресейдегі кредиторлардан несие алу жағын ойлаған едік. Бірақ мұның ыңғайы болмады. Дегенмен Қытайдан несие беретін кредитор таптық» деді Белковец 9 шілдеде.

Бірнеше апта бұрын, Минск пен Мәскеу арасында келіспеушілік күшейген тұста, елдің қаржы министрі Максим Ермолович «Беларусь қарызды Ресейден емес, басқа елдерден алуға тырысып жатқанын» айтқан.

Беларусь ұзақ жылдар бойы Ресейден кредит алып келген. Қазір Минсктің Мәскеу алдындағы қарызы көп. Соңғы уақытта Беларусьтің ішкі қарызы өсіп, 2016 жылдың шілдесі мен 2018 жылдың қазаны арасында 3,4 миллиард долларға жеткен. Ал бюджет табысы 10 миллиард долларды құраған.

Биыл сәуірде Ресей қаржы министрі Антон Силуанов Мәскеу Минске несие беруге дайын деген. Бірақ кейін Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Силуановтың сөзін жоққа шығарып, Минсктің несие сұраған өтінішін әлі қаралып жатқанын айтқан.

Оқи отырыңыз: Мәскеу мен Минск арасындағы кикілжіңге не себеп?

Ал маусымда Силуанов Беларусь Ресеймен «Одақтас мемлекеттер» идеясын дамытуға келісім берсе ғана Мәскеу Минске қаржы беретінін мәлімдеген.

Жыл басынан бері Ресей президенті Владимир Путин Беларусьпен қарым-қатынасты одан әрі дамытуды, ортақ валюта енгізуді сөз еткен. Соңғы айларда Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенкомен бірнеше рет келіссөз жүргізіп, серіктестікті дамыту мәселесін талқылаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG