Франция елдің әскери-әуе қорғаныс саласына қарайтын ғарыш қарулы күштері қолбасшылығын құрмақ. Бұл ақпаратты 13 шілдеде ел президенті Эммануэль Макрон хабарлады. Елде ұлттық мереке ретінде тойланатын Бастилияны азат ету күні қарсаңында президент осындай мәлімдеме жасады.
Францияның ғарыш потенциалын дамытып, нығайту үшін "қыркүйек айында ірі ғарыш қолбасшылығы" құрылмақ. Ол бірте-бірте елдің әскери-әуе ғарыш күштеріне айналады деп атап өтті Макрон.
Маусым айында АҚШ президенті Дональд Трамп қарулы күштердің жаңа түрі - ғарыш қарулы күштері қолбасшылығын құру туралы жарлыққа қол қойған еді. Сәуір айында ғарыш әскерінің саны 15-20 мыңға жететіні хабарланған. Ол кезге дейін АҚШ-та қарулы күштердің бес түрі - құрлықтағы әскер, теңіздегі әскер, әуе күштері, теңіз жаяу әскері және жағалау күзеті болған.
ПІКІРЛЕР