Accessibility links

Зеленский: Путин "тұтқынға тұтқын" алмастыруды ұсынды


Украина президенті Владимир Зеленский (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин.
Украина президенті Владимир Зеленский (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин.

Украина президенті Владимир Зеленский 2018 жылы қараша айында Керчь бұғазында ұсталған 24 украиналық теңізшіні ресейлік тұтқындарға алмастыруды ұсынды. Зеленский мұндай ұсынысты 17 шілдеде "Президентпен ашық әңгіме" бағдарламасында айтты. Зеленскийдің пікірінше, бұл Ресей мен Украина арасындағы жанжалды тоқтатып, өзара диалог орнатуға жол ашар еді.

Зеленскийдің айтуынша, бастапқыда "тұтқынға тұтқын" алмастыру жайлы ұсынысты Ресей президенті Владимир Путин телефон әңгіме кезінде қозғаған. Алайда Зеленскийдің айтуынша, Киев құрастырған тұтқындар тізімі елдің шығысындағы Донецк және Луганск облысында "уақытша жаулап алынған" аумақта әзірленген тұтқындар тізімімен сәйкес келмейді. Дәл осы себепті ол тұтқындар алмастыруды 24 украиналық теңізшісінен бастығысы келетінін айтқан.

"Тұтқынға тұтқын" біз мұны міндетті түрде жүзеге асырамыз, бірақ әуелі Ресей мен Қырымдағыларды қайтарайықшы және бірінші қадамды теңізшілерден бастайық" деген Зеленский сөзін Украинаның тәуелсіз ақпарат агенттігі келтірген.

11 шілдеде Киев ұсынысымен Зеленский мен Путин телефон арқылы сөйлескен еді. 17 шілдеде Мәскеу соты 2018 жылы қараша айында Қырым жағалауында Ресей әскерилері ұстаған украин теңізшілерінің қамау мерзімін үш айға ұзартты.

Видео: Украиналық теңізшілерді қамау мерзімін ұзарту бойынша сот (Шілде айы, 2019 жыл).

Суд в Москве продлил арест украинским морякам, захваченным в районе Керченского пролива
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:32 0:00

Бұған дейін Зеленский Путиннен барлық теңізшілерді босатуды сұраған. "Біздің бәріміздің балаларымыз бар, балаларды ата-аналарына қайтарыңыздар" деді Украина басшысы.

2018 жылы 25 қарашада Ресей аннексиялап алған Қырымда ресейлік шекарашылар украиналық үш әскери кемені басып алып, 24 теңізшіні ұстаған. Теңізшілерге "Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтті" деген айып тағылған. Бұл бап бойынша алты жылға дейін жаза мерзімі қарастырылған.

Киев бұл әрекетті агрессия ретінде бағалап, теңізшілерді әскери тұтқындар деп атады. Украина ұстанымын АҚШ, НАТО және Еуроодақ қолдады.

БҰҰ-ның Халықаралық трибуналы Ресейді 25 маусымға дейін украиналық теңізшілерді босатуға міндеттеген. Бірақ Мәскеу бұл шешімді орындамады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG