Accessibility links

"Қауіпсіздік сертификатын әлі орнатпаған" министр оның пайдасы жайлы айтты


Қазақстан цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев. Нұр-Сұлтан, 15 мамыр 2019 жыл.
Қазақстан цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев. Нұр-Сұлтан, 15 мамыр 2019 жыл.

Қазақстан цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш министрі Асқар Жұмағалиев ұялы телефонға қауіпсіздік сертификатын орнату «ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді» деп санайды.

«Қазір вирустар тарататын шабуыл түрлері мен сайттар барын білесіздер. Мұндай жағдайда қауіпсіздік сертификаты көмектеседі» деді министр 23 шілдеде үкімет жиынынан кейін тілшілерге.

Министр жұрт тарапынан сынға ұшыраған қауіпсіздік сертификатын әлі орнатпағанын, оны орнату туралы хабарлама әлі келмегенін айтты. Дегенмен ол журналистерге барлық провайдерлер қауіпсіздік сертификатын орнату туралы СМС хабарлама жібергенін мәлімдеді

«СМС хабарлама келетін шығар. Барлығына жіберілді. Келсе, міндетті түрде орнатамын» деді ол.

Тілшілер министрден сертификатты жүктейтін сайт неге жеке адамның атына тіркелгенін сұрағанымен ол нақты жауап бермеді.

«Білуімше, сайт жеке адамның атына тіркелмеген» деген министр бұл сұарқты ҰҚК-ға қарайтын мемлекеттік техника қызметіне сілтеді.

Жұмағалиев бұған дейін қауіпсіздік сертификатына қатысты комментарий берген өзінің орынбасары Абылайхан Оспановтың сөзін қайталады. Ол «қауіпсіздік сертифиатын орнату әркімнің өз еркінде» деген. Ал қазақстандық провайдерлер қауіпсіздік сертификаты орнатылмаған құрылғылардан интернетке кіру қиындайтынын айтып жатыр.

Видео: Билік халықтың жеке деректерін бақылауға алмақ па?

Билік халықтың жеке деректерін бақылауға алмақ па?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:56 0:00

​Өткен аптада қазақстандықтар ұялы байланыс операторларынан «интернетке кіру мәселесі туындамас үшін» арнайы қауіпсіздік сертификатын орнатуды ұсынған хабарлама ала бастаған. Операторлар мұны «кибер шабуылды алдын алу шарасы» деп атайды. Азаматтар билік ұсынған бұл сертификатты сынап жатыр. Олар «билік осы сертификат арқылы әркімнің жеке ақпаратын бақылап отырғысы келеді» деп топшылайды.

Сарапшылар да «бұл сертификат орнатқандардың жеке бас деректері, хаттары, парольдері, қандай сайттарға кіргенін білу оңайға түсетінін» айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG