Accessibility links

Талибан Кабулдағы жарылысқа жауапкершілікті алатынын мәлімдеді


Ауғанстан президенттігіне кандидат Ашраф Ғанидың сайлауалды баннерінің алдында тұрған ауғанстандық қауіпсіздік күштері қызметкері. Кабуле, 2 қыркүйек 2019 жыл.
Ауғанстан президенттігіне кандидат Ашраф Ғанидың сайлауалды баннерінің алдында тұрған ауғанстандық қауіпсіздік күштері қызметкері. Кабуле, 2 қыркүйек 2019 жыл.

Талибан қозғалысы Ауғанстан астанасы Кабул қаласында бес адам мерт болған жарылысқа жауапкершілікті алатынын мәлімдеді. Шабуылдан ондаған адам зардап шеккен. АҚШ-тың жоғары лауазымды дипломаты Ауғанстан президенті Ашраф Ғаниды бейбітшілік туралы келісім жобасымен таныстыру үшін Кабулға келген кезде жарылыс болған деп хабарлады Reuters.

Келісім жобасында Ауғанстаннан АҚШ-тың бес мың сарбазын шығару қарастырылған. Өз кезегінде Талибан қозғалысы АҚШ-қа шабуыл жасауды мақсат тұтатын экстремистік топтардың Ауғанстанды дайындалатын орын ретінде пайдалануына жол бермеуге міндеттеме алатыны жазылған.

2 қыркүйекте Кабулдағы халықаралық ұйымдар өкілдіктері орналасқан "жасыл аймақ" деп аталатын ауданда жарылыс болған. Алғашқы жарылыстан соң іле-шала осы ауданды жарықпен қамтамасыз етіп тұрған станцияда электр генераторлары жарылған.

Талибан қозғалысының өкілі жарылыс шетелдік қызметкерлер тұратын ауданға жасалғаны туралы мәлімдеген. Бомба орнатылған автокөлік жарылғаннан кейін қарулы содырлар шабуыл жасаған.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі шабуыл салдарынан бес кісі өліп, 50 адам жараланғаны туралы хабарлады.


Бұл теракт АҚШ билігі мен Талибан қозғалысы Ауғанстанда 18 жылға созылған соғысты доғару жайлы бейбіт келісімге қол жеткізуге шақ қалған тұста жасалған. Ол келісімге сәйкес Ауғанстаннан шетелдік әскердің бір бөлігі шығарылады, ал Талибан елдің терроршылар мекені болып кетпеуіне кепіл береді. Бұған дейін америкалық БАҚ Талибан Кабулмен тікелей келіссөз бастауы үшін АҚШ "мыңдаған сарбазын елден әкетуге әзір" деп хабарлаған.

БҰҰ дерегі бойынша, биылдың алғашқы жартысында Ауғанстанда шабуылдан қаза болған немесе жараланған адам саны 3800-ге жеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG