Accessibility links

Шамалғанда шенеуніктер мен тұрғындар теміржол көпірін салуды талқылады


Жергілікті билік басшыларымен кездесуге жиналған Шамалған станциясы тұрғындары. Қарасай ауданы, Алматы облысы. 17 қыркүйек 2019 жыл.
Жергілікті билік басшыларымен кездесуге жиналған Шамалған станциясы тұрғындары. Қарасай ауданы, Алматы облысы. 17 қыркүйек 2019 жыл.

17 қыркүйекте Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған станциясында жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар кездесіп, өткен жексенбіде пойыз бен автобус соқтығысқан теміржолдың автокөлік жолымен қиылысатын тұсына кейін салу жайын талқылады.

Қарасай ауданы әкімі Жандарбек Далабаев жергілікті тұрғындармен кездесуде сөйлеп тұр. Шамалған ауылы, Алматы облысы. 17 қыркүйек 2019 жыл.
Қарасай ауданы әкімі Жандарбек Далабаев жергілікті тұрғындармен кездесуде сөйлеп тұр. Шамалған ауылы, Алматы облысы. 17 қыркүйек 2019 жыл.

Жиында сөйлеген Қарасай ауданы әкімі Жандарбек Далабаев жақын уақытта көпір салу жергілікті биліктің жоспарында жоқ екенін хабарлады. Шамалғандағы жиынға Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров қатысты.

Аудан әкімінің жауабына қанағаттанбаған жергілікті тұрғындар көпір салуды талап етті. Кейбіреулері апат болған теміржол өткеліндегі көлік қозғалысын реттемейді деп жол полициясының жұмысын сынады. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиынға жергілікті полиция мен прокуратура өкілдері де қатысқан.

Шамалғандағы бұл жиын 15 қыркүйекте кешке теміржол өткелінде болған апаттан кейін өтіп жатыр. Жексенбі күні кешке теміржол өткелінде тұрған автобусты жүрдек пойыз соғып өткен. Биліктің хабарлауынша, тыйым салатын белгіге қарамастан "теміржол өткеліне шығып кеткен" автобус жүргізушісі мерт болып, автобуста отырған үш жолаушы (екеуі - бала) жарақат алған. Пойыз жолаушылары зардап шекпеген.​

Оқыңыз: Теміржолдағы апаттан соң тұрғындар көпір салуды талап етті

Апаттан кейін Шамалған станциясының тұрғындары теміржолды жауып, биліктен пойыз өтетін көпір салуды талап еткен. Олар апат болған теміржол өткелінен "күніне жүз шақты пойыз" өтетінін айтып, "жеті жылдан бері көпір салынатыны жайлы уәдеге тойдырған" билікке наразылық білдірді.

Дүйсенбіде Нұр-Сұлтандағы брифингте Қазақстан индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Роман Скляр апат болған теміржол өткелінде талапқа сай бағдаршам мен шлагбаум болғандықтан, ол жерде көпір салынбайтынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG