Accessibility links

Навальныйды Сахаров атындағы сыйлыққа ұсынды


Алексей Навальный.
Алексей Навальный.

Еуропа халықтық партиясы Ресейде жемқорлықпен күрес кампаниясын ұйымдастырып жүрген оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды Сахаров атындағы сыйлыққа ұсынды.

Еуропа парламентіндегі ең ірі фракция - Еуропа халықтық партиясы 18 қыркүйекте таратқан мәлімдемесінде Навальныйды "Ресейде ой еркіндігін қорғап жүрген, елдегі шындықтың үнін жеткізіп жүрген санаулы адамдардың бірі" ретінде атаған.

43 жастағы Алексей Навальный - Ресей президенті Владимир Путинді өткір сынайтын саясаткерлердің бірі. Сыни пікірі үшін көп қудаланған. Оны билік Ресейдегі президент сайлауына қатысу мүмкіндігінен айырды. Мәскеу мэріне үміткерлердің бірі болды.

Сахаров атындағы сыйлыққа үміткерлерді ұсыну 19 қыркүйекте аяқталады. Навальныйдан бөлек, бұл сыйлыққа ұсынылғандар арасында Қытайдағы ұйғырлардың құқығын қорғаумен айналысқан, қазір Қытай түрмесінде отырған құқық қорғаушы Ильхам Тохты да бар. Қытай соты оны өмірлік бас бостандығынан айырған.

Лауреаттың есімі 24 қазанда белгілі болады.

Сахаров сыйлығын Еуропа парламенті 1988 жылы тағайындаған. Сыйлық адам құқықтары мен оның негізгі еркіндіктерін қорғауға ерекше үлес қосқандарға беріледі. Былтыр сыйлық Венесуэланың демократиялық оппозициясына, 2016 жылы Ирактан шыққан құқық қорғаушыларға берілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG