Accessibility links

Өзбек парламенті тойға шақырылатын қонақтар санын 200-ден асыруға тыйым салды


Ташкенттегі той. Көрнекі сурет.
Ташкенттегі той. Көрнекі сурет.

Өзбекстан парламентінің қос палатасы біріккен отырыста отбасылық шараларды өткізу ережесін бекітті деп хабарлады Азаттықтың Өзбек қызметі.

Оған сәйкес, 1 қаңтардан бастап ел азаматтары тойға 200-ден артық адам шақыра алмайды, "палау беру" рәсіміне шақырылатын адамдар саны 250-ден аспауы тиіс. Егер қос жұп тойы болса, оған 250-ге дейін ғана адам қатыса алады. Жаңа ереже бойынша, жаназамен байланысты рәсімдер үш күннен артық созылмауы керек.

Жаңа тәртіп бойынша, шара кезінде және одан кейін де "ұлттық дәстүрге қайшы келетін" ғұрыптар атқаруға тыйым салынған. Аудандық кеңес басшылары ереженің орындалуын қадағаламақ.

"2007 жылдан бері Тәжікстанда да осыған ұқсас шектеулер енгізілген" деп жазады Азаттықтың Тәжік қызметі. Мұндай заң президент Эмомали Рахмонның "тойдағы ысырапшылық" жайлы мәлімдемесінен кейін қабылданған.

Оқи отырыңыз: Өзбекстан тойдағы ысырапшылдықты азайтпақ

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG