Accessibility links

Роскомнадзор "Ферғана" сайтына тыйым салды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Роскомнадзор (Ресейдің байланыс, ақпараттық технология және бұқаралық коммуникацияны бақылау жөніндегі федералдық қызметі - ред.) Орталық Азия жаңалықтарын тарататын "Ферғана" сайтын бұғаттады. Тыйым салынған ресурстар тізіміне енгізілген сайт мұнан былай Ресей аумағында ашылмайды.

"Ферғана" агенттігінің өкілдері "бұғаттау" себебін білмейтінін, Роскомнадзордан ескерту алмағанын жазған. "Ферғана" агенттігі Ресейде ақпарат құралы ретінде тіркелген.

"Ферғана" сайты Ресей аумағында әр жылдары бұғатталып, қайта ашылған еді. Қазір агенттік сайты Түркіменстанда да жабық. 2014 жылы тамыз айында Қазақстанда да бұғатталып, кейін қайта ашылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG