"Украинада Ресейдің 336 азаматы қамауда отыр" деп хабарлады Украинаның мемлекеттік қылмыстық-атқару қызметі. 1 қыркүйек күнгі жағдай бойынша, 130 адам тергеу изоляторында, 206 адам түрмеде қамаулы жатыр.
Украина мен Ресей 7 қыркүйекте тұтқын алмасты. Бұл келісім барысында 2018 жылы қараша айында Керчь бұғазында Ресей арнайы қызметі Украинаның 24 теңізшісін қайтарды. Украинаға оралғандар арасында Қырым татар белсендісі Эдем Бекиров, Владимир Балух, Александр Кольченко, Олег Сенцов, Ресей аннексиялап алған Қырымда ұсталып, сотталған Евгений Панов, Роман Сущенко, Павел Гриб, Станислав Клых, Николай Карпюк, Артур Панов, Алексей Сизонович бар.
Ал Украина "мемлекетке опасыздық жасады" деп айыпталған РИА Новости Украина агенттігінің бас редакторы Кирилл Вышинскийді, малайзиялық "Боинг" ұшағының апатына күдікті ретінде танылған Владимир Цемахты және тағы да 33 адамды Ресейге берді.
Украина ақпарат құралдарының жазуынша, бұған дейін Голландия Украинадан "Боинг" апаты бойынша маңызды куәгер Цемахты Ресейге бермеуді сұраған. Өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" әуе шабуылына қарсы әскери бөлімінің бұрынғы жетекшісі Владимир Цемахты Украинаның арнайы қызметі биыл маусымда Донбаста ұстаған.
ПІКІРЛЕР