Accessibility links

Түркия күрд жасақтарына әуеден шабуылдағаны хабарланды


Түркияның әскери ұшақтары Сирияның солтүстік-шығысында күрд жасақтарына әуеден соққы берді. Бұл туралы ливандық Al-Mayadeen және сириялық басылымдар хабарлады.

Түркияның әуе күштері күрд жасақтарының орталығы орналасқан Хасака провинциясына шабуылдаған. Қаза тапқандар мен жараланғандар жайлы ақпарат жоқ.

Демалыс күндері Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстік-шығысына әскер кіргізетінін мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: Түркия Сирияға әскер кіргізбек. АҚШ бұл операцияға "араласпайды"

Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы тілдескенде "түрік әскерінің әрекеті – уақытша шара" деп атады. Ол Анкара Сирияның территориялық тұтастығына құрметпен қарайтынын мәлімдеді.

Сириялық күрдтер – АҚШ-тың "Ислам мемлекеті" террористік тобымен күресте негізгі серіктесі. Ал Түркия күрд жасақтарын "террорлық топ" деп санайды.

6 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия президенті Ердоған телефонмен сөйлесіп, Анкараның әскери операциясын талқылаған. Кейін Трамп әкімшілігі бұл операцияға қатыспайтынын мәлімдеп, америкалық әскерилер Сирияның солтүстік-шығысын тастап кете бастаған.

Бірақ Трамп "егер Анкара артық кетсе, Түркияның экономикасын күл-талқанын шығаратынын" айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG