Экономика бойынша Нобель атындағы сыйлық америкалық экономистер Абхиджит Банерджи мен Майкл Кремерге және француз-америка зерттеушісі Эстер Дюфлоға берілді. Лауреттар есімі 14 қазанда Ослода жарияланды.
Бұл сыйлық оларға жаһандық кедейшілікпен күреске жаңа әдіс тәжірибе енгізгені үшін берілді.
Үндістаннан шыққан Банерджи Массачусетс технология институтының профессоры. Дюфло да сол институтта жұмыс істейді, ол Банерджидің әйелі әрі бұрынғы аспиранты. Кремер – кедейшілікпен күрестегі инновация институтының (Коннектикут) ғылыми кеңесшісі.
Швеция банкі тағайындаған экономика саласындағы бұл сыйлық 1969 жылдан бастап беріледі. Ол ресми түрде "Нобель сыйлығы" деп аталмайды, "экономика саласы бойынша Альфред Нобель атындағы сыйлық" деп аталады. Осы сыйлықтың лауреаттары жарияланғаннан кейін Нобель аптасы ресми түрде аяқталады.
ПІКІРЛЕР